352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денис Тенді өлтірді деген күдікті өз қылмысын мойындады

  • 657

Пышақ жарақатынан көз жұмған Денис Теннің өліміне қатысты ұсталғандардың бірі қылмысын мойындады.

Екінші күдіктінің жеке басы анықталды. Қазір іздеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасы мәлімдеді.

Алматы қалалық прокуратурасының алдында марқұмның өліміне қатысты қолға түскен күдікті туралы мәлімет жасалды. Прокурор Берік Жүйріктаевтың айтуынша, күдікті қылмысын мойындаған. Ол – 1994 жылғы Жамбыл облысының тумасы Нұралы Қиясов. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Әрі қарай тергеу шаралары жүргізіледі», – дейді құқық қорғаушылар. 

Ізбасар Бектұров, Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары:

– Еске сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді көлік айнасын ұрламақ болғандар пышақтап кетті. Оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Өкінішке орай, спортшы жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы