Денис Тенді неге жақын орналасқан ауруханаға апармаған? - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Денис Тенді неге жақын орналасқан ауруханаға апармаған?

Денис Тенді неге жақын орналасқан ауруханаға апармаған?

Денис Тенді оқиға орнына жақын жердегі емес, қашықтықта орналасқан ауруханаға алып кету себебі, соңғысында ғана жедел-хирургиялық бөлім бар.

Яғни осындай аса ауыр науқастарды қабылдауға арналған. Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан тақырыпқа қатысты Денсаулық сақтау министрінің орынбасары осындай пікір білдірді. Ләззат Ақтаеваның айтуынша, дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Бірақ жарақаттың ауыр болғаны соншалық, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті берген мәліметтер бойынша, оқиға орнына жақын орналасқан ауруханада жедел-хирургиялық бөлім жоқ. Сондықтан жедел жәрдем көлігі қалалық орталық клиникалық аурухананы бетке алды. Жол бойы медицина мамандары оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде