Патрик Чан: Дениспен бір мұз айдынын бөліскеніме қуаныштымын - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Патрик Чан: Дениспен бір мұз айдынын бөліскеніме қуаныштымын

Патрик Чан: Дениспен бір мұз айдынын бөліскеніме қуаныштымын on-desktop.com

Қаралы хабарды естіген спортшылар Денис Теннің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, ғұмыры қамшының сабындай қысқа болған бірегей азаматты еске алуда.

Отандасымызбен жақын таныс болған әріптестері жеке парақшаларында жазбалар қалдыруда. Олардың қатарында әлемнің үш дүркін чемпионы канадалық Патрик Чан мен американдық мәнерлеп сырғанаушы Джереми Эбботт бар.

– Мен Дениспен бір мұз айдынын бөліскеніме өте қуаныштымын. Ол – біздің спорт түріне ерекше леп берген дарынды мәнерлеп сырғанаушының бірі. Оның жарқын бейнесі өмір бойы есімде сақталады, – деп жазған Чан.

– Досым, сені қатты сағынатын боламыз. Қанша мәрте тырыссам да, сенің бойыңдағы қасиеттерді суреттейтін сөздерді таба алар емеспін, – деп американдық мәнерлеп сырғанаушы Джереми Эбботт инстаграм парақшасында жазған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде