Күдікті Денис Тенге шабуыл жасалған орынға жеткізілді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Күдікті Денис Тенге шабуыл жасалған орынға жеткізілді

Күдікті Денис Тенге шабуыл жасалған орынға жеткізілді

Деннис Теннің өліміне қатысы бар деген күдікті оқиға орнына жеткізіліп, сол жерде жауап алынды.

24 жастағы Нұрлан Қиясовты Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысына арнайы көлікпен әкелді. Бұл процесс айналадағы адамдардың назарын аудартып, тіпті, кейбіреулер оны видеоға түсіріп алған. Мына әуесқой таспадан күдікті бетін жауып тұрғаны көрінеді. Ол болған жағдайдың хронологиясы туралы айтып берді. Кейін тәртіп сақшылары күдіктіні арнайы көлікке салып, кері алып кетті. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр және екінші күдіктіге іздеу жарияланды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде