Петропавлда жанар-жағармай бекетін тонаған қарақшы ұсталды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Петропавлда жанар-жағармай бекетін тонаған қарақшы ұсталды

  • 93
Петропавлда жанар-жағармай бекетін тонаған қарақшы ұсталды

Петропавлда жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлап отыр. Полицейлердің айтуынша, қаскөй шілде айының он екісі күні кешкісін жанармай бекетіне қызметтік бөлме арқылы баса көктеп кіріп, әйнекті сындырып, кейін сондағы қызметшіден кассадағы бар қаражатты талап етіп, тонап кеткен. Оның келтірген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады. Қазір осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Авторы: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 әлеуметтік желілерде