369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

  • 263
  • UPD: 19:55, 20.07.2018
Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

Алдын ала ақпарат бойынша Денис Теннің өліміне қатысты күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды.

Алматы соты залында жарияланған хабарға сәйкес, Денис Теннің өліміне қатысты күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды.

Бүгін кешкі 20:00-де Алматыда күдіктіні ұстау бойынша арнайы брифинг өтеді.

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжал барысында ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы