369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күдікті А.Құдайбергенов Дениске екі жерден пышақ салған

  • 405

Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысы бар болуы мүмкін екінші күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды.

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев айтты.

«2018 жылы 20 шілдеде Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 1994 жылы туған Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы ұсталды. Қазір ол өзінің қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті Ақсай 2 шағын ауданында көшеден ұсталды», - деді Серік Күдебаев арнайы брифингте.

Полицияның айтуынша, екеуі де бұрын істі болған.

«Екеуі де істеген ісін мойнына алды. Арман Құдайбергенов Дениске екі рет пышақ салған. Олар Денис Тенді өлтіріп алғанын кейін әлеуметтік желіден бір-ақ білген. Бұлар өздеріне ақша керек болған соң осы қадамға барған»,- деді ол.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы