359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Інісімен қоштасу». Головкин Денис Теннің жерлеуіне АҚШ-тан ұшып келе жатыр

  • 421
«Інісімен қоштасу». Головкин Денис Теннің жерлеуіне АҚШ-тан ұшып келе жатыр vesti.kz

Геннадий Головкин Денис Теннің жерлеу рәсіміне қатысу үшін АҚШ-тан ұшып келеді. Бұл туралы қарағандылық «Новый Вестник» басылымына Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Нұрғазы Жарылғапов хабарлады.

«Мен Денис Тенді танитынмын, екеуміз Қазақстан халқы ассамблеясында таныстық, сол жерде біздің даңқты боксшымыз Геннадий Головкинмен бірге Президенттің алдында сөз сөйледік. Екеуміз көп әңгімелестік. Маған хабарласып, «ауруханаға түсті, біраз уақыттан кейін қайтыс болды» дегенде, біз үшін сұмдық трагедия болды. Ол маған ұлым сияқты еді. Біз оларды аялауымыз керек. Бұл адамдарды құдайдың өзі ескерген. Дмитрий Карпов, Максим Раков, Геннадий Головкин сияқтыларды. Гена Головкин Лос-Анджелестен өзінің інісімен деп айтуға болатын адамның жерлеуіне ұшып келеді. Жатқан жері жайлы болсын. 25 жас. Бұл менің ұлымның жасы, екеуі дос болатын. Біз бүгін жерлеу рәсіміне ұшып шығамыз. Бүгін келгендердің барлығына алғыс айтамын. Бұл біз үшін трагедия, неткен тұлға еді…», – деп көзіне жас алды Жарылғапов.

Vesti.kz порталының мәліметінше, Головкин Сауль Альвареспен жекпе-жекке дайындалып жатқан лагерін үзіп, Қазақстанға ұшып келе жатыр.

Бұған дейін боксшы Instagram арқылы Теннің отбасына көңіл айтты. «Сен біздің жадымызда мәңгі сақталасың... RIP», – деп жазды Геннадий. Боксшы мен мәнерлеп сырғанаушы таныс болған. 

Айта кетейік, Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында және Астанадағы «Барыс Арена» стадионында өтеді. Рәсім сағат 10.00-де басталады. Танымал спортшымен қоштасуға кез келген адам бара алады. Сағат 10.30-да мәйіт Достық ауылындағы бейітке жеткізіліп, сағат 13.00-де ас беріледі.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы