352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында тастардың астында қалған экскаваторшы құтқарылды

  • 212
Ақмола облысында тастардың астында қалған экскаваторшы құтқарылды

Ақмола облысында алтын өндіретін кеніште экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, жүргізушіні басып қалды.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Думан Дəлешовтың мәліметінше, құтқару жұмыстары 11 сағатқа жалғасты. Оқиға таңертең сағат 08:00 шамасында «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС ашық кенішінде болды. Тау жынысын қопарып жатқан экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, кабинаны ішіндегі жүргізушісімен бірге басып қалған. 11 сағатқа жалғасқан құтқару жұмыстарынан кейін 1993 жылы туған жүргізушіні кабинадан алып шығу мүмкін болды.

«Экскаваторшыны аман-есен алып шықты. Қазір оны ауруханада», - деді Думан Дәлешов. Оқиға орнында құтқару жұмыстарын ТЖД-ның жеке құрамындағы 13 адам мен 2 арнайы техника жəне медицина қызметкерлері жүргізді.

Хабар 24 телеарнасы