361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәжікстан мен Қырғызстанда жер сілкінді

  • 94
Тәжікстан мен Қырғызстанда жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ стансалар желісі 2018 жылдың 23 шілдесі күні екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біріншісі Алматы уақытымен 2 сағат 23 минут 08 секундта тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан 332 км оңтүстікте, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы – 4.6. Ошағының тереңдігі – 10 км.

Екінші жер сілкінісі Алматы уақытымен 5 сағат 06 минут 12 секундта тіркелген. «Эпицентрі Алматыдан 519 км оңтүстік-батыста, Тәжікстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.0. MPV магнитудасы – 4.3. Ошағының тереңдігі 20 км.

Хабар 24 телеарнасы