352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайдағы 18 жастағы қыздың өлімі: полиция қылмыскердің фотороботын жасады

  • 613
Қостанайдағы 18 жастағы қыздың өлімі: полиция қылмыскердің фотороботын жасады

Қостнай облысының полиция қызметкерлері 18 жастағы Дарья Махортованы өлтірген күдіктінің фотороботын жасады, деп хабарлайды Алау.

20-30 жас аралықтағы ер адам қылмыс жасады деп күдіктеліп отыр. Ол ақ жейде мен шолақ шалбар киген. Осы қылмысқа қатысты қандай да бір деректерді білсеңіз, полиция қызметкерлері мына телефон арқылы хабарласуды сұрайды: : 8 (7142) 52-60-21, 52-61-05, 52-61-12 факс: 52-61-04 немесе 102. Осыған дейін Қостанай облсысында арнайы жедел-тергеу тобын облыстық ІІД басшысы Бекет Аймағамбетов басқаратыны айтылған еді. Істің барысы толық бақылауға алынған.

Іс-түзсіз жоғалған 18 жастағы Затобол ауылының тұрғыны Дарья Махартованың денесі 21 шілдеде Қостанай обылысының шетінде табылған болатын.

Ақпарат көзі: kaz.tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы