359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда көлік қаққан бес жасар бала есін жиды

  • 232

Алматының шығыс айналма жолында көлік қаққан бес жасар бала есін жиды.

Сұрақтарға жауап беріп, ас іше алатын халге келді, енді оның өміріне қауіп жоқ екенін айтады дәрігерлер. Жағдайы тұрақталса, аз күнде бөлімшеге ауыстырылады. Еске сала кетейік, бір апта бұрын жолға шығып кеткен балдырғанды жүйткіп келе жатқан көлік қағып кеткен еді. Жүргізуші шала жансар баланы көрпеге орап, жол жиегіндегі ағаштардың жанына жасырып кеткен. Оқиға орнынан із суытқан жүргізуші әлі іздестіріліп жатыр.

Нұржан Исабеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Баланың жағдайы бүгінгі таңда жақсарып келе жатыр. Ол есін жинады. Сұрақтарға толықтай жауап бере алады. Бір-екі күнде баланы бөлімшеге ауыстырамыз.

Хабар 24 телеарнасы