359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда автобустардың соқтығысуынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

  • 161

Алматыда екі бірдей қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің барлығына өтемақы төленеді.

Бұл туралы «Электротранс Алматы» жауапкерішлігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ривзан Цинаев мәлімдеді. Ол үшін зардап шеккендер сотқа жүгінуі тиіс. Яғни қоғамдық көлік пен жолаушылардың өмірін сақтандыру шарттары бойынша дене жарақатының қандай дәрежеде екені анықталады. Соған байланысты өтемақы көлемі белгіленеді.

Ризван Цинаев, «Электротранс Алматы» ЖШС басшысы:

– Әрине зардап шеккендердің жарақатына қарай өтемақы төлейтін боламыз. Біздің қоғамдық көліктердің барлығы да, жолаушылардың өмірі де толығымен сақтандырылған, сондықтан өтемақы уақытылы төленеді және оны сақтандыру қоры жүзеге асырады.

Еске сала кетсек, кеше Достық даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысып, 21 адам медициналық көмекке жүгінген болатын. Дәрігерлердің тексерісінен кейін 16 жолаушы үйлеріне қайтарылған. Ал 5 адамға шұғыл емдік шаралары жүргізіліп, ауруханаға жеткізілді. Мамандардың айтуынша, олардың жағдайы қазір жақсы. Денсаулықтары оңалып келеді. Жарақаттанғандардың ішінде 6, 9 және 12 жас аралығында 3 бала бар. «Олардың барлығы амбулаториялық емдеуге үйіне жіберілді», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков. Бүгін сондай-ақ нөмірі он екінші автобустың жүргізушісі де есін жиды .Оның бауыры жарақаттанған, қазір халі жақсы.

Бердалы Рысбеков, автобус жүргізушісі:

– Екінші автобус қарама-қарсы келе жатты. Жолаушылардың қауіпсіздігін ойлап, басқа бағытқа бұрдым.

Хабар 24 телеарнасы