352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде астыртын түрде мұнай өңдеумен айналысқан зауыт анықталды

  • 176

Ақтөбеде жасырын түрде мұнай өңдеумен айналысатын зауыт анықталды. Құқық қорғаушылар қара алтынды нарыққа заңсыз жеткізіп отырған онға жуық адамды ұстаған.

Қылмыс мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі, Ақтөбе қалалық көлік прокуратурасы мен тәртіп сақшыларының «Бүркіт» арнайы тобы ұйымдастырылған жедел іздестіру шарасы барысында анықталды. Нысан аумағында 150 тоннадан астам мұнай өнімдері табылған. Мамандар шағын зауыт күніне 10 тонна өнім өндіруге шақталған дейді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Гүлмира Арыспаева, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім жетекшісі:

- Жедел іздестіру шарасы барысында бұл зауытқа мұнай Ақтөбе облысының кен орындарынан жалған құжаттармен жеткізіліп отырғандығы анықталды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы