352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жол апатынан 7 адамды күйік шалды

  • 229

Түркістан облысында қайғылы оқиға болды. Кентау-Түркістан бағытында болған көлік апатында «Ауди» жеңіл автокөлігі мен жолаушылар таситын «ГАЗель» көлігі соқтығысқан.

Куәгерлердің айтуынша, «Ауди» маркалы көлік қарсы бағытқа шығып кетіп шағын автобусқа бетпе-бет ұрылған. Оқиға орнында «ГАЗель» автокөлігі отқа оранып, ішіндегі 7 жолаушы әртүрлі дене жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілген. Ал жеңіл көліктің иесі яғни автокөлік жүргізушісі сол орнында қайтыс болған. Аталған жайт Кентау қалалық ішкі істер бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімен ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы