359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адам ұрлауға қатысты күдікті әйел Әзербайжаннан елге жеткізілді

  • 144
Адам ұрлауға қатысты күдікті әйел Әзербайжаннан елге жеткізілді

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бас прокуратура және Астана ішкі істер департаменті қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Әзербайжаннан күдікті Ирада Рустамованы экстрадициялады.

 

Бұл әйел топпен алдын ала сөз байласу арқылы күш қолдану жолымен мүлкін бопсалап алу мақсатында адам ұрлады деген күдікке іліккен. Қылмыс былтыр Астанада болған. Қылмыстан кейін күдікті ізін суытып, қылмыстық іздестіру органдарынан жасырынған. Осыған байланысты күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде Рустамова Астананың тергеу абақтысына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы