352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да екі адам суға батып кетті

  • 113
СҚО-да екі адам суға батып кетті Today.kz

Солтүстік Қазақстан облысында екі адам суға батып кетті.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр. Оқиға өткен демалыс күндері болған. 56 жастағы азамат Тимирязев селосының маңында орналасқан Алпаш көліне масайған күйде шомылған. Арты қайғылы аяқталды. Екінші жағдай Жамбыл ауданында тіркелді. 60 жастағы ер адам жасанды су қоймасына түсіп, су құрбанына айналды. Жалпы жыл басынан бері өңірде 9 адам суға батқан екен. Ал құтқарушылар 33 адам құтқарды. Оның 17-сі бала. Бұл ретте мамандар рұқсат етілмеген жерде суға шомылмауға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Авторы: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 телеарнасы