353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында өрт салдарынан 2 әйел қайтыс болды

  • 141
Алматы облысында өрт салдарынан 2 әйел қайтыс болды SN.kz

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Байтерек ауылының бір тұрғын үйінде өрт болды.

Бұл туралы аудан орталығы Есік қаласының өрт сөндіру бөліміне 31 шілде күні таң ата хабарлама түскен. Құрамында 4 адамы бар кезекшілік топ оқиға орынына жедел жеткен. Өртті сөндіру кезінде үйден екі әйелдің өлі денесі табылған. Олардың біреуі – 1955 жылы, екіншісі 1966 жылы туған. Олар ұйықтап жатып, улы газға тұншыққан деген болжам жасалып отыр. Тілсіз жау толық ауыздықталды. Өрт шалған жердің жалпы көлемі – 56 шаршы метр.

Хабар 24 телеарнасы