359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында тойға барған қонақтар астан ұшынды

  • 156
Қарағанды облысында тойға барған қонақтар астан ұшынды Islam.kz

Теміртауда тойға барған 18 адам астан ұшынып, ауруханаға түсті.

Үйлену тойына келген қонақтарды жастар жергілікті мейрамханада күткен. Уланғандардың арасында жүкті әйел мен 8 жастағы бала бар. Зардап шеккендердің алды 31 шілдеден бастап жергілікті жұқпалы аурулар ауруханасына түсе бастаған. Олардың барлығына ішек инфекциясы диагнозы қойылып отыр. Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, қазір барлық науқастардың жағдайы қалыпты және оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы