352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Mercedes пен КамАЗ-дың соқтығысуынан 1 адам қаза тапты

  • 132
Астанада Mercedes пен КамАЗ-дың соқтығысуынан 1 адам қаза тапты

Астанада «Мерседес» көлігі мен КамАЗ соқтығысты.

«4 тамыз күні Байырқұм көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Мерседес» маркалы көлігінің 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған автокөліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды Астана қаласы ІІМ баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша «Мерседес» көлігінің жүргізушісі Пушкин көшесі жағынан Байырқұм көшесі бойымен келе жатып, бұрылу кезінде КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты. Осының салдарынан көліктер қарсы жолаққа шығып кетіп, тағы бір автомашинамен соқтығысқан.

Хабар 24 телеарнасы