352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 34 жастағы әйел суға кетті

  • 93
Павлодар облысында 34 жастағы әйел суға кетті

Павлодар облысында Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында 34 жастағы әйел суға батып кетті.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлайды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің  мәліметінше, оқиға 5 тамыз күні болған.

«Ертіс өзенінің тармағында сағат 16.45-те 1984 жылы туған әйел суға батып кеткен», - деді баспасөз қызметінде. Әйелдің денесін жергілікті тұрғындар сағат 18.05-те судан алып шыққан.

Оқиға шомылуға орнатылмаған жерде болған. Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жазғы маусымда су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы