363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада астыртын казино анықталды

  • 131

Астанада заңсыз жұмыс істеп келген казино анықталды. 40 жастағы жергілікті тұрғын бильярд ойнайтын жерде жасырын құмар ойын ұйымдастырып келген.

Енді ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар тәртіп сақшылары үстінен түскен ойыншылар да әкімшілік жазаға тартылады. Тағы бір айта кетерлігі осындай көлеңкелі бизнес жасауға жол берген жылжымайтын мүліктің қожайындары да заң бойынша жауапқа тартылады. Қазір полиция толыққанды тергеу жүргізіп, покер клубының қашаннан бері жұмыс жасап келе жатқанын анықтауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы