352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында шенеунік 50 мың доллар аламын деп 2 млн теңгемен ұсталды

  • 133
Жамбыл облысында шенеунік 50 мың доллар аламын деп 2 млн теңгемен ұсталды Today.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысында жер үшін пара алған шенеунікті ұстады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, күдікті жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау бойынша облыстық басқарманың басшысы. «Ол шаруа қожалығына тиесілі 25 гектар жерді мемлекет пайдасына қайтармағаны үшін 50 мың доллар талап еткен. Соның 2 млн теңге көлеміндегі парасын алды деген күдік бар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Хабар 24 телеарнасы