352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында газдан уланған жұмысшыға психологиялық көмек қажет

  • 189

Қостанай облысында газдан уланып ауруханаға түскен жұмысшы жансақтау бөлімінен шығарылды.

«Қазір ол терапия бөлімінде. Ептеп беті бері қарап келеді», - дейді дәрігерлер. Естеріңізге сала кетейік, 7 тамыз күні Шоқай ауылында су құбырын жөндеу кезінде үш жұмысшы мерт болып, біреуі шала-жансар күйде қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік. 30 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде бір жарым күн жатқан. «Қазір ол психологиялық көмекке мұқтаж», - дейді мамандар.

Игорь Войтов, қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

- Ол бізге өте ауыр хәлде келіп түсті, алғашында есінен танып, өз-өзіне келе алмады. Әлі де депрессияда, психологиялық оңалту шаралары қажет. Бүгіннен бастап онымен психологтар жұмыс істеп жатыр, қашан айыққанша мамандардың бақылауында болады.

Хабар 24 телеарнасы