363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудағы жылу құбырынан өрт шықты

  • 133

Атырау қаласындағы теміржол жағалауындағы жылу құбырында өрт шықты.

Сол аймақтағы меншікті тілшіміз Виктор Стуягиннің хабарлауынша, құбырды айналдыра қапталған материал өртенген. Сонымен қатар сол маңдағы құрғақ шөптерді де өрт шалды. Тілсіз жау шарпыған аумаққа жақын жерде өндірістік аймақ орналасқан. Ең қауіптісі, қала ішіне газ таратқыш торап та осы маңда. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, қазір жалынды ауыздықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы