356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

  • 160

Қарағанды облысының Қарағанды-Балқаш тас жолында ірі жол апаты болды.

Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді.

«10 тамызда «Қарағанды-Балқаш» тас жолында Бектау ауылынан 10 шақырым жерде «Lexus ES-300» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала жасалған болжам бойынша жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Nissan Juke» көлігіне соғылған. Екінші көлікті Алматы қаласының 43 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lexus ES-300» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, «Nissan Juke-тің» жүргізушісі мен жолаушылары оқиға орнында қаза тауып, «Nissan Juke» көлігінің екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД.

Жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы