352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кішкентай қазақстандық Ресейде батуттан зардап шекті

  • 110
Кішкентай қазақстандық Ресейде батуттан зардап шекті

Ресейдің Соль-Илецк қаласында кішкентай қазақстандық батуттан зардап шекті.

Бұл туралы Вестирама.ру сайтына сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат хабарлайды.

РФ Тергеу комитетінің Орынбор облысы бойынша тергеушілері батуттағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу деректеріне сәйкес 2018 жылдың 7 шілдесінде Соль-Илецкте орналасқан «Соленые озера» демалыс аймағында ауа қысымымен жұмыс істейтін «Подушка. Крутой прыжок» аттракционында техникалық ақаулар болған және онда секірген Қазақстан Республикасынан ата-анасымен бірге қыдырып келген кішкентай бала зардап шекті. Баланың сан жілігі ішінен сынған. Зардап шеккен бала дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол туған қаласында амбулаториялық ем алып жатыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу ісі жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы