352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде адамдардың үстіне аялдама құлады

  • 158

Ақтөбеде қатты дауылдың салдарынан аялдама құлап, жолаушыларды басып қалды.

Екі бала мен бір келіншек жеңіл жарақат алған. 49 жастағы қала тұрғыны Сәния Сафинаның омыртқасына зақым келіп, ауруханада жатыр. Осы оқиғадан кейін коммуналдық қызмет аялдаманы алып тастаған. Қалалық әкімдіктегілер болса, бұл нысанның пайдалануға берілмегенін айтып отыр. Олардың мәлімдеуінше, аялдама маңында әлі де жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сәния Сафина, қала тұрғыны:

- Есімді жинағанда балам ұстап тұра алмаймын деп айқайлап жатыр. Менің орнымда кішкентай бала болғанда, шетінеп кететін еді.

Хабар 24 телеарнасы