359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында той үстінде оқ атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 134
Ақтөбе облысында той үстінде оқ атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды фото: nur.kz

Оқиға Шалқар ауданында болған.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Үйлену тойы кезінде көл жағасына қыдырып барған жастар аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқан. Куәгерлер түсірген бейнежазба әлеуметтік желіде таралып кеткен. Полиция оқ атылған қаруларды тәркіледі.

Авторлары: А.Байменшина

Хабар 24 телеарнасы