352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында суға кеткен бала іздестіріліп жатыр

  • 221

Жамбыл облысында «Левобережный» каналына батып кеткен он жастағы бала төрт тәуліктен бері іздестіріліп жатыр.

Қайғылы оқиға 12 тамызда болған. Екі жеткіншек судың қауіпті бөлігіне шомылып, соңында ағын су тартып әкеткенге ұқсайды. 14 тамыз күні таңсәріде өңірдің ТЖД-ның қызметкерлері судан 11 жастағы баланың денесін алып шықты. Ал екіншісі әлі табылған жоқ. Құтқару жұмыстарына еріктілер де тартылды. 150 адам мен 25 техника жұмылдырылып, судың деңгейі төмендетілген.

Дәурен Бектұрсын, ерікті:

- Суға батқан баланы іздеудеміз. Түскен жеріміз сол батқан жерден бастап, осы Төле би ауылында Тельман районынан судан шықтық. 12 шақырымдай жүрдік. Қамыстардың арасын барлығын қарап жатырмыз. 

Бақытжан Халықов, Шу ауданы ТЖ бөлімінің басшысы: 

- Суға кеткен екі баланы іздестіру жұмыстары жалғастырылуда. 1 баланың мәйіті табылды. 2-баланы қазіргі таңда іздеу жұмыстары жалғасын тауып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы