363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында тәрбиеші 3 жасар бүлдіршінді ұрып соққан

  • 217

Павлодар облысында балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрып соққан.

Бейнекамералардағы жазбалардан оның бүлдіршінді соққыға жығып, тіпті тепкілегені көрінеді. Ақсу қаласындағы №20-балабақшада тәрбиеші өзі жетекшілік ететін топтағы ұлын басқа бүлдіршіндерден қорғамақ болып, қол көтерген. Қазір бұл қызметкер өзге жұмысқа ауыстырылған. Тәрбиешінің өзі декреттік демалысқа таяу екенін айтып, жүйкесінің жұқарғанын алға тартқан. 

Зайра Әбдірахманова, Ақсу қалалық білім беру бөлімінің әдіскері:

- Білім беру мекемесі директорының шешімімен 23 жасар азаматша кір жуу бөліміне ауыстырылды. Оны жұмыстан шығара алмаймыз, себебі аяғы ауыр. Ол қыркүйек айында декреттік демалысқа шығады.

Татьяна Мұкышева,зардап шеккен баланың анасы:

- Тәрбиеші баламды алты рет ұрып тепкіледі. Бейнежазбаны көріп, қатты күйзелдім. Ол өз ұлын қорғамақшы болып, менің баламды соққыға шықты. Алдағы уақытта тиісті шара қоданылады деген сенмідемін.

Хабар 24 телеарнасы