352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада пара алған офицер ұсталды

  • 205
Астанада пара алған офицер ұсталды

Астанадағы экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі пара алды деген күдікпен ұсталды.

5 мың АҚШ долларын серіктестік директоры қаражат жымқыру бойынша істің тоқтатылуы үшін берген. Алғашында сыйақы мөлшері 15 мың доллар болып келісіліпті. Күдікті кінәсін толық мойындағандықтан, қамауға алынбады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жыл басынан бері экономикалық тергеу қызметінде 8 пара алу жағдайы тіркелген. Алынған қаржының жалпы көлемі 25 миллионнан асып жығылады.

Хабар 24 телеарнасы