369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде отыздан астам әкім мен олардың орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

  • 280

Елімізде  отыздан аса әкім мен олардың орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің әкімі бас маманмен бірігіп, әкімдік ғимаратына төлем терминалдарын қою бойынша келісім-шарт жасасу кезінде 50 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Ал Алматы облысы Байсерке ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасарына қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы бопсалап, пара алғаны үшін сотталды. Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі 300 мың теңге пара алғаны үшін 23,4 миллион теңге айыппұл төледі.

Хабар 24 телеарнасы