359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты

  • 134
ШҚО-да газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты

Қайғылы жағдай Бесқарағай ауданының Боғаз ауылында болған.

Кеше түнде жер үйлердің бірінде өрт шығып, газ баллоны жарылған. Әйтеуір 3 баласын құшақтап анасы қызыл жалыннан аман шығып үлгеріпті. Көршілері өрт сөндіру бөліміне хабарласып, олар келгенше үйдің біраз жерін тілсіз жау жалмап үлгерген еді. 3 сағатта өрт сөндірілді. Оған 3 техника мен 9 адам жұмылдырылған. Өкінішке қарай, бөлмелердің бірінен 1993 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Барлығы 90 шаршы метр аумақ өртеніп кетті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы