363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Степногорскта 21 жастағы сарбаз өз қаруынан атылған оқтан мерт болды

  • 201

Степногорск қаласындағы 35/17 әскери бөлімінің сарбазы өз қолындағы қарудан қаза тапты.

Қайғылы оқиға 17 тамыз күні таңғы сағат 7.30 шамасында болған. Күзетте тұрған Роман Данияевтің өз қаруынан атылған оқ өзінің басына тиген. Сарбаздың нақты қалай көз жұмғанын сараптама нәтижесі анықтайды. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кеткен жөн, қаза болған 21 жастағы қатардағы жауынгер Қарағанды облысынан шақырылған.

Қанат Дос, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы:

- Барлық материалдар орталық аудандық әскери тергеу басқармасына жіберілді. Нәтижесі осы тергеудің нәтижесі бойынша әскери тергеу басқармасы қалай тергеп болады, сосын нәтижесін сол кісілерден білуге болады. Жалпы ол сарбаз өзін тек жақсы жағынан көрсеткен сарбаз. Психологиялық ауытқулармен тіркеуде тұрмаған.

Хабар 24 телеарнасы