352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда полицейлер түнгі рейд жүргізді

  • 226

Жамбылдық полицейлер түнгі рейд барысында 30-ға жуық тәртіп бұзғандарды анықтады.

Тексеріс кезінде 22 ойын-сауық мекемелерінде  әкімшілік құқық бұзушылықтың 31 және есірткі қылмысының үш дерегі тіркелді. Кәмелетке толмаған 5 жасөспірімнің түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүргендігі анықталып, оларға қатысты 442-баптың 1, 2-бөлімдері бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ екі  ойын сауық орталығында марихуана тұтынған 3 келуші ұсталды. Оларға қатысты еліміздің  ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндірістік іс  басталды. Ал  осы нысанның иелеріне де ҚР Әкімшілік құқық кодексінің  422-бабы бойынша әкімшілік өндіріс басталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы