352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да соңғы үш тәулікте 41 жүргізуші мас күйінде ұсталды

  • 139

Солтүстік Қазақстан облысында үш күннің ішінде 41 мас жүргізуші ұсталды.

Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Полицейлер «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы аясында қоғамдық орындарда, көшелер мен тұрғын үйлерде күні-түні кезекшілік етті. Нәтижесінде барлығы 2 жарым мыңдай құқық бұзушылық анықталып, қолға түскен азаматтар жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары әсіресе жол ережесін елемейтін «жүгенсіз» жүргізушілерді сабасына түсірді. Олардың айтуынша, осындай акциялар қоғамдық тәртіпті нығайтуға септігін тигізеді.  

Мереке Рашев, СҚО ІІД ЖПҚ инспекторы:

- Мас күйінде ұсталған жүргізушілер 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Олардың арасында бұған дейін де ішіп ұсталған азаматтар бар. Енді олар қамалуы мүмкін. Олардың ісін сотқа жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы