352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 100 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті

  • 227
ШҚО-да 100 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті ALTAYNEWS

Ең ірі өрт Жарма ауданында болған. Үшөзек елді мекенінде қызыл жалын жиналған 87 тонна шөпті тып-типыл етті.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың бетін 5 сағат дегенде әрең қайтарды. От найзағайдан тұтанған. Ал Жалғызтөбе ауылында қораның төбесінде үйілген шөп өртеніп, маңындағы шаруашылық нысандарын да шарпып өткен. Қорадағы 3 қой да өртеніп кетті, біраз малды үй иелері шығарып үлгеріпті. Ең алдымен оқиға орнына жергілікті мұнай қоймасының өрт сөндіру қызметі жеткен. Мұнан кейін төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндіру мамандары да жұмылып кетті. 3 сағатта өрт сөндірілді. 16 шаршы метр аумақ пен 8 тонна шөп жанып кетті. Ұлан ауданында да 4 тонна шөп жанып кетті. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы