352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да құтқарушылар мен дәрігерлер жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды

  • 119
ШҚО-да құтқарушылар мен дәрігерлер жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар мен дәрігерлер ауыр жағдайдағы жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды.

Көмек қажеттілігі туралы ақпарат Күршім ауданы Теректі ауылынан түскен. Белгілі болғандай, айы-күні жетіп тұрған келіншекті аман-есен босануы үшін оны облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізу керек болған. Мамандар бірден «Қазавиақұтқару» АҚ-нан көмек сұрайды. Алайда қолайсыз күн райына орай әуе көлігінің ұшуы кейінге шегерілген. Уақытты жоғалтпауды көздеген облыстық дәрігерлер Теректіге бару үшін автокөлікпен жолға шығып, әйелді көлікпен жеткізуге бел буады. Дегенмен оларды қайтар жолда санитарлық авиация мамандары қарсы алып, бірден Өскеменге жеткізген.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы