359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мысырда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады

  • 158

Мысырда қазақстандық саяхатшылар мінген автобус аударылып, жолаушылары әртүрлі деңгейде жарақат алған.

Жол апаты Хургада – Каир тасжолында болды. Көлікте 22 жерлесіміз болған. Жарақат алғандары жақын жердегі ауруханаға жеткізіліп, қажетті медиициналық көмекті алып жатыр. Жағдайды Мысырдағы Қазақстан елшілігі бақылауда ұстайды.

Хабар 24 телеарнасы