369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жас жігітті көлік қағып кетті

  • 67
Алматыда жас жігітті көлік қағып кетті vnnews.ru

Алматыда үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жолға шыққан жігітті қағып, мерт қылды.

Жас жігіттің өмірін қыршыннан қиған қайғылы оқиға Рысқұлов көшесінде орын алған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан BMW автокөлігінің жүргізушісі уақытылы тоқтап үлгермеді. Жолға атып шыққан жас жігіт өзін қаққан көліктен 30 метрге ұшып кеткен. Жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенше, көз жұмды. Ол алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында жан тапсырған.

Хабар 24 телеарнасы