359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Газель» көлігі тоннельдің төбесіне соқтығысты

  • 78
Астанада «Газель» көлігі тоннельдің төбесіне соқтығысты

Астанада «Газель» автокөлігі тоннельдің төбесіне соқтығысып, қирап қалды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Жол-көлік оқиғасы туралы мәліметті Астана ІІД баспасөз қызметі растады. Жол-көлік оқиғасы «Астана Опера» театрының маңында болған. Видеода көліктің жүксалғыш бөлігі толығымен қирап қалғаны және соның салдарынан кептеліс болғаны түсірілген.

«Жол апаты 12:00-де болды. «Газель» маркалы көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, тосқауылға соқтығысқан. Қазіргі уақытта полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр, жол апатының мән-жайын анықтауда», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Совья Қылышбекова.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы