356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы ірі жол апатынан екі адам көз жұмған

  • 113
Қарағанды облысындағы ірі жол апатынан екі адам көз жұмған

Бүгін Қарағанды облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды.

Қарағанды-Теміртау тас жолында 4 көлік: жол талғамайтын көлік, екі кроссовер және газель соқтығысты.

«Оқиға салдарынан барлығы 6 адам зардап шеккен. Екеуі оқиға орнында көз жұмған. Бір зардап шеккен адам Теміртаудағы ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалды. Тағы үшеуі облыстық травматология орталығына жеткізілді. Барлық жарақаттанғандар дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Жантүршігерлік жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы