361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жаяу жүргіншілер жолағында екі әйелді көлік қағып кетті

  • 83
Семейде жаяу жүргіншілер жолағында екі әйелді көлік қағып кетті yk-avto.kz

Оқиға кеше кешке Семей қаласында болған.

ШҚО ІІД мәліметіне сүйенсек, екеуі де ауруханаға жатқызылған. Кеше сағат 17.21-да жеңіл көлік жүргізушісі Шәкәрім даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолағында екі әйелді қағып кеткен.

Оқиға салдарынан 48 және 29 жастағы екі әйел дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. ШҚО ІІД ақпараты бойынша қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы