359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада үш ай ішінде 5 ана көз жұмған

  • 66
Астанада үш ай ішінде 5 ана көз жұмған lenta.ru

Дәрігерлердің айтуынша, әйел қант диабетімен және созылмалы қаназдықпен ауырған.

Астананың перинатальды орталығында соңғы үш ай ішінде бесінші ана көз жұмған. Ақпаратты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Дәрігерлер босану кезінде құтқара алмаған әйелдің қант диабетімен және созылмалы қаназдықпен ауырғанын айтады. Алайда медиктер қағанақ суының эмболиясын алдын ала болжамаған. Дәрігерлер мұны алдын ала болжау мүмкін емес екендігін айтады.

«1 қыркүйек күні 20:22-де №2 көпбейінді қалалық ауруханада ана өлімі тіркелген болатын. Бұл – жыл басынан бері Астанада қайтыс болған бесінші ана. Оған «Қағанақ суының эмболиясы» алдын ала диагнозы қойылды. Соңғы диагноз гистологиялық зерттеулерден кейін апта соңында қойылады», - деді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

«Қайтыс болған әйел қант диабетімен ауырған. Жүктіліктің алғашқы кезеңінен-ақ, №7 емханаға тіркеліп, қабылдауға тұрақты барған. Бірақ ол инсулиндік терапиядан бас тартқан және дәрігерлер қант деңгейін түсіретін таблеткалар жазып берген. Оның үстіне, әйелдің бойы 165 см бола тұра, салмағы 95 келіден асқан. Алдыңғы балаларын табиғи жолмен дүниеге әкелгендіктен, дәрігерлер оған кезекті рет өз күшімен босануға мүмкіндік берген», - деді №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли Астана әкімдігінде өткен брифингте.

Штаттан тыс бас акушер-гинеколог Иван Коркан әйелдің өзі босануына 100 пайыз мүмкіндігі болғандығын айтты.

«Әрине, кесір тілігін жасау керек еді. Бірақ бұған көрсетілімдер болмады», - деді Коркан.

Дәрігерлер әйелдің жүрегі тоқтаған уақытта баланың өмірін құтқарып қалған. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы ауыр.

Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында Астананың екі перинатальды орталықтарында 4 әйел көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов соңғы алты ай ішіндегі ана өлімінің өсімін атап өтті. Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 31 ана босану кезінде көз жұмған. Жас әйелдер өлімінің негізгі себебі – ауыр патология.

Бұдан бұрын осы жазда елордада 4 әйел көз жұмды. Оның үшеуі бірінші, ал біреуі екінші перинатальды орталықта.

Дайындаған: Изгуттинова Д. 

Хабар 24 телеарнасы