359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

  • 132

Астанада жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза болды.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

«Түркістан көшесінде 4 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында тіркелген жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Dodge Challenger маркалы атвокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып көлік тізгініне ие бола алмай қалып, бордюрға соғылған. Кейін көлік аударылып, көшені жарықтандыратын бағанға соғылған. Осыдан кейін көліктен өрт шыққан», - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан 23 жастағы жолаушы – Астана қалалық ІІД Жол-патрульдік полициясы жол-патрульдік қызметі полкінің полицейі көз жұмғаны белгілі болды. Ол Dodge Challenger көлігінің ішінде болған.

«Жүргізуші әртүрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Сонымен бірге қалалық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы