363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда жүріп келе жатқан автобустан өрт шықты

  • 83

Теміртауда жолаушылар автобусы өртенді.

Қаланың қақ ортасында жүріп бара жатқан қоғамдық көліктен кенет от шыққан. Бұл кезде автобус ішінде бірнеше жолаушы болыпты. Абырой болғанда, ешкім зардап шекен жоқ. Жүргізуші жедел қимылдап, өртті өз күшімен өшіреді. Оның айтуынша, тілсіз жау қысқа тұйықталудан тұтануы мүмкін. Мамандар жыл басынан бері Қарағанды облысында 174 автокөлік пен 6 автобус өртеніп кеткенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы