359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының тұрғыны баласын көлікпен басып кетті

  • 221
Ақмола облысының тұрғыны баласын көлікпен басып кетті

Ақмола облысының тұрғыны 3 жасар баласын абайсызда көлігімен басып кетіп, мерт қылды.

ІІД мəліметі бойынша, оқиға 6 қыркүйек күні Есіл қаласында болды. Сәби сол күні сағат 15:40 шамасында Есіл аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

«33 жастағы ер адам «Volkswagen Sharan» көлігімен үйінің ауласынан шыға берісте 3 жастағы баласын абайсызда басып кетті. Ұл бала Есіл аудандық ауруханасына ес-түссіз түсті. Көп ұзамай алған жарақаттары салдарынан көз жұмды», - деп мәлім етті ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук. Қазіргі оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Баланың денесі мəйітханаға жіберіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы