359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Жастар» театрының шатыры өртенді

  • 152

Астанада «Жастар» театры өртенді. Елорданың Сарыарқа ауданындағы орналасқан театрда өрт бүгін сағат 16:58-де басталған.

«Есенберлин көшесі 10-үйдегі үш қабатты «Жастар» театрының шатыры жанып жатыр. Жалын шарпыған аумақ алдын ала болжам бойынша 25-30 шаршы метрді құрайды», - деп хабарлаған ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Адамдардың эвакуациясы жүргізілмеген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 16 техника мен 60 өрт сөндіруші жұмыс істеді. 

Ал соған дейін Төтенше жағдайлар комитеті «Жастар» театрын қою түтін басқаны туралы хабар түскенін мәлім еткен болатын. Оқиға орнына алдымен 40 адам мен 10 техника аттандырылды. Бірақ құтқарушылар жалынды байқамаған. Кейін мән-жәйды анықтау үшін ғимарт ішін шолуға кіріскен.

Өрт сағат 17:44-те сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы