369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртау азаматы әйелдерге әдейі ВИЧ инфекциясын жұқтырған

  • 132
Теміртау азаматы әйелдерге әдейі ВИЧ инфекциясын жұқтырған nikolaeva - LiveJournal

Қарағанды облысы Теміртау қаласының азаматы әйелдерге әдейі ВИЧ инфекциясын жұқтырған деген күдік бар.

Қарағандыдағы облыстық алдын алу және СПИД-ке қарсы орталықтың тіркеуінде тұрған 28 жастағы ер адамға қарсы тергеу жүргізілуде. Дәрігерлер науқасқа ескерту жасап, дертті қасақана жұқтыратын болса, әкімшілік жазаға тартылатындығы туралы қолхат алған. Алайда ер адам қауіпті вирусты 4 әйелге жұқтырып үлгерген. Әдейі ВИЧ инфекциясын жұқтырған жігіттің үстінен 19 жастағы жәбірленуші бойжеткен полицияға шағым түсірген. Енді бұл іспен полиция айналысуда.

 

Астанада «Жастар» театрынан өрт шықты

Төтенше жағдай жексенбі күні сағат 16.58-де тіркелген. Оқиға орнына 16 техника мен 60 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Тілсіз жау толығымен ауыздықталды. Дегенмен, алдын ала есеп бойынша өрт 50 шаршы метрге тарап үлгерген.

 

Елордада қалтаны қағуға дәніккендер ұсталды

Астана қаласының  полицейлері қоғамдық көліктерде қалта ұрлықтарына қарсы ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Іс-шара барысында Астанаға республикамыздың басқа өңірлерінен келген азаматтар ұсталды. Олар ІІБ арнайы есебінде тұрған азаматтар болып шықты. Ұсталғандар қалта ұрлығымен тұрақты айналысып келгендерін дәлелдейтін автобустағы бейнебақылау камерасының жазбасы алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Астанада кәріз қақпақтарын ұрлағандар қолға түсті

Бас қаламыздың көшелеріндегі кәріз қақпақтарының ұрлығымен айналысқан екі күдікті қолға түсті. Астаналық құқық қорғаушылардың жүргізген жедел іздестіру шарасының нәтижесінде 8 қыркүйек күні Байсеков көшесіндегі шойын қақпақтарды үптеп кеткен Ақмола облысының 26 және 27 жастағы тұрғыны қолға түсті. Астана қаласының ішкі істер департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеру кезінде  ұрылардан люктердің қақпақтары тәркіленді. Сондай-ақ олардың қаладағы осындай сипаттағы басқа да қылмыстарға  қатысы тексерілуде. Ұсталғандар кәріз қақпақтарын металл өткізу орындарына тапсырып ақша табуды көздегендерін айтып, мойындап отыр.

 

Ақтауда теңіз толқыны яхтаны жарқабаққа соғып, қиратты

Ақтауда асау толқын жекеменшік су көлігін жарқабаққа соғып, қиратып тастады. Абырой болғанда, оқыс оқиғадан адам зардап шеккен жоқ. Теңізде саяхаттаушылар өз бетімен жағалауға шығып үлгерді. Қазір 4-ші шағын аудандағы жағажайда қайырлап қалған яхтаны құрлыққа шығаруға әрекет жасалуда.

 

ШҚО-да тасжолға шығып кеткен малды қағу оқиғасы жиіледі

Шығыс Қазақстан облысында тасжолға шығып кеткен малды қағу оқиғасы жиіледі. Тамыз айында осындай 3 оқиға тіркелген деп облыстық ішкі істер басқармасы хабарлап отыр. Қараусыз жүрген мал аяқ астынан автожолға шығып кетіп, жылдамдықта келе жатқан көлік жүргізушілері тоқтап үлгермеуде. Мәселен, 3 қыркүйекте Мақаншы-Жалаңашкөл бағытындағы күре жолда тіркелген. Opel Vectra көлігінде келе жатқан 34 жастағы  азамат жол үстіндегі жылқыны қағып кетсе, келесі күні Бақты-Таскескен бағытындағы жолда тура осындай оқиға тіркелген. Екі көлік жүргізушісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дегенмен, полиция қызметкерлері бұл жағдайға малдарын қараусыз қалдырған мал иелерінің де айыпты екендігін айтуда.

Хабар 24 телеарнасы